19 Наурыз, 2015

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы  №74

502 рет
көрсетілді
19 мин
оқу үшін
2014 жылғы 4 қараша, Астана қаласы Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабынын 26) және 27) тармақшаларына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Спорттық Іс-шараларды өткізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б.Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден еткеннен кейін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 3. «Спорт түрлерінен жарыстардың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 446 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8286 болып тіркелген, 2013 жылғы 21 тамыздағы № 104 (28133) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ.Есентаевқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр А.Мұхамедиұлы. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы №74 бұйрығымен бекітілген Спорттық іс-шараларды өткізу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Спорттық іс-шараларды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) спорттық іс-шараларды өткізу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) дене шынықтыру-спорт ұйымы – негізгі қызмет түрі ретінде дене шынықтыру мен спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға; 2) Қазақстан Республикасының чемпионаты – дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісімі бойынша республикалық немесе өңірлік аккредиттелген спорт федерациясы әзірлеген және бекіткен спорттық жарыс ережесінің (регламентінің) негізінде кемінде 5 облыс, Астана және Алматы қалалары спортшыларының (командаларының) катысуымен еткізілетін республикалық спорттық жарыс; 3) кешенді спорттық жарыстар - спортшылар арасында орындарды бөлетін және командалар арасында жалпы командалық есепті шығаратын спортшылар немесе командалар арасындағы бірнеше спорт түрінен сайыстар; 4) облыстық, қалалық, аудандық жарыстар – дене шынықтыру және спорт жөніндегі тиісті жергілікті атқарушы органдардың спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген жарыстар; 5) оқу-жаттығу жиыны – спортшылардың спорттық шеберлігін және оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған орталықтандырылған іс-шара; 6) ресми халықаралық спорттық жарыстар – спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялардың бұқаралық-спорттық іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген халықаралық спорттық жарыстар; 7) республикалық спорттық жарыстар – уәкілетті органның спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген спорттық жарыстар; 8) спорттық жарыс – ұйымдастырушысы бекіткен ереже (регламент) бойынша өткізілетін сайыстың үздік қатысушысын анықтау мақсатында спорт түрі (түрлері) бойынша спортшылар немесе командалар арасындағы сайыс; 9) спорттық пән – ерекше белгілері бар және спорттық жарыстардың бір немесе бірнеше түрлерін (бағдарламаларын) қамтитын спорт түрінің бөлігі; 10) спорттық іс-шара – спортшылардың, жаттықтырушылардың және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандардың қатысуымен өткізілетін спорттық жарыс, оқу-жаттығу жиыны; 11) спорттық іс-шараны ұйымдастырушы – осы қағидамен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарға сәйкес спорттық іс-шараны ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға; 12) халықаралық спорттық жарыстар – шетелдік спортшылар (командалар) катысатын спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрі бойынша өтетін сайыстар, 3. Спорттық жарыстар келесідей бөлінеді: жеке – қорытындылары бойынша жекелеген спортшылардың (жынысына, жасына, спорттық біліктілігіне қарай) иеленген орындары анықталады; жеке-командалық – қорытындылары бойынша спортшының жеке нәтижесінен басқа, командалардың иеленген орындары анықталады; командалық – қорытындылары бойынша тек қатысушы командалардың иеленген орындары анықталады; іріктеу, біліктілік (лицензиялық) – қорытындылары бойынша спорт түрлері бойынша құрама командалар қалыптастырылады және спортшылар мен командаларды спорттық жарыстардың келесі кезеңіне жіберу жүргізіледі. 4. Спорттық жарыстарға катысушыларға мыналар жатады: спортшылар; жаттықтырушылар; төрешілер; жануарлар; командалардың немесе спортшылар тобының басшылары және өкілдері; дене шынықтыру-спорттық ұйымдардың басшылары; спорттық жарыстар ережесінде (регламентінде) көзделген жағдайда спорттық жарысқа кызмет көрсету үшін қажетті басқа мамандар. 5. Халықаралық жарыстарға катысатын спортшылардың, жаттықтырушылардың, төрешілердің және басқа мамандардың сандық құрамын спорттық жарыстар ережесінің (регламентінің) негізінде уәкілетті орган бекітеді. 6. Спортшыларға практикалық көмек көрсету және олардың біліктілік деңгейі мен спортшылардың шеберлігін бұдан әрі дамыту перспективалары туралы қажетті ақпарат алу үшін делегация құрамына спорттық медицина саласындағы мамандар енгізіледі. Халықаралық Олимпиада Комитетінің (бұдан әрі – ХОК) талаптары бойынша ХОК өткізетін немесе соның қолдауымен өтетін спорттық жарыстардың делегация құрамына Ұлттық Олимпиада Комитетінін өкілдері, соның ішінде халықаралық дәрежедегі төрешілер де енгізіледі. 7. Спорттық жарыстар ережесі (регламенті) мынадай бөлімдерді қамтиды: 1) спорттық жарыстардың атауы; 2) мақсаттары мен міндеттері; 3) спорттық жарыстың өткізілу орны мен уақыты; 4) спорттық жарысты өткізу жүйесі; 5) қатысушы ұйымдар; 6) спортшылардың, жаттықтырушылардың, төрешілердің және басқа да қатысушылардың сандық құрамы; 7) спортшылардың жынысы мен туған жылы; 8) нәтижелерді бағалау жүйесі; 9) медициналық-санитарлық қамтамасыз ету; 10) допингке қарсы қамтамасыз ету; 11) төрешілер алқасының сандық кұрамы; 12) спорттық жарысқа катысу үшін өтінімдер берудің тәртібі мен мерзімі; 13) катысушылар мен төрешілерді кабылдау шарттары; 14) спорттық жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерді марапаттау тәртібі; 15) наразылық көрсету тәртібі және оны қарау; 16) спорттық жарыстарға қатысушылар мен төрешілердің келу және қайту күндері. 8. Спорттық жарыстың ережесіне (регламентіне) спорттық жарыс басталғанға дейін кемінде 14 (он төрт) күнтізбелік күн бұрын өзгерістер немесе толықтырулар енгізуге болады. 2. Спорттық жарыстарды өткізу 9. Халықаралық және республикалық спорттық жарыстар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) таныған спорт түрлері бойынша өткізіледі. 10. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық спорттық жарыстар халықаралық спорт ұйымдарының және дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша өткізіледі. Халықаралық спорттық жарыстар спорттық-бұқаралық іс-шаралардың республикалық бірыңғай күнтізбелік жоспарына (бұдан әрі - күнтізбелік жоспар) енгізіледі. 11. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық спорттық жарыстарды еткізуге өтінімдерді республикалық немесе өңірлік аккредиттелген спорт федерациялары халықаралық спорт федерацияларына уәкілетті органның келісімі бойынша оларды өткізудің болжамды күніне дейін кемінде 18 (он сегіз) ай бұрын береді. 12. Қазақстан Республикасының аумағындағы кешенді халықаралық спорттық жарыстар халықаралық спорттық ұйымдардың және уәкілетті органның шешімі бойынша өткізіледі. Кешенді халықаралық спорттық жарыстар күнтізбелік жоспарға енгізіледі. 13. Республикалық спорттық жарыстар күнтізбелік жоспарға сәйкес спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық федерациялармен келісу бойынша дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша өткізіледі. 14. Кешенді республикалық спорттық жарыстар күнтізбелік жоспарға сәйкес уәкілетті органның шешімі бойынша өткізіледі. 15. Облыстық, қалалық және аудандық спорттық жарыстар аккредиттелген тиісті жергілікті спорт федерациялармен келісу бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың өңірлік бірыңғай күнтізбесіне сәйкес жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) шешімі бойынша өткізіледі, 16. Қазақстан Республикасының чемпионатына тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын спортшылар (командалар) катысады. 17. Халықаралық спорттық жарыстар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша аккредиттелген республикалық спорт федерациялары әзірлейтін және бекітетін жарыстар туралы ережелерге (регламенттерге) сәйкес өткізіледі, Республикалық немесе өңірлік аккредиттелген спорт федерациялары Халықаралық спорттық жарыстар ережесін (регламентін) уәкілетті органға жарыстың өткізілу күніне дейін кемінде 12 (он екі) ай бұрын жібереді. 18. Республикалық спорттық жарыстар аккредиттелген республикалық федерациялармен келісу бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін жарыстар туралы ережелерге (регламенттерге) сәйкес өткізіледі. Республикалық немесе өңірлік аккредиттелген спорт федерациялары Республикалық спорттық жарыстар ережесін (регламентін) уәкілетті органға жарыстың өткізілу күніне дейін кемінде 6 (алты) ай бұрын жібереді, 19. Облыстық, қалалық және аудандық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары және жергілікті атқарушы орган бірлесіп бекітеді. Жергілікті аккредиттелген спорт федерациялары Спорттық жарыстар ережесін (регламентін) дене шынықтыру және спорт жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдарға жарыстың өткізілу күніне дейін кемінде 6 (алты) ай бұрын жібереді. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы немесе жүлдесі үшін жарыстарды өткізу 20. Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне немесе Кубогына жарыстар өткізуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады. 21. Спорт түрлері бойынша аккредиттелген спорт федерациялары жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша спорттық жарыстардың басталуына дейін кемінде 3 (үш) ай бұрын уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) спорт түрінің Қазақстан Республикасында және халықаралық аренада дамуының жай-күйі туралы ақпарат; 2) спорттық жарыс ережесінің (регламентінің) жобасы; 3) спорттық жарысқа катысатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) саны; 4) спорттық жарысқа қатысушылардың (спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер және басқа мамандар) жалпы саны; 5) катысушы елдер саны (халықаралық спорттық жарыстар үшін); 6) жергілікті атқарушы органның қолдау хаты. 22. Уәкілетті орган спорт түрі бойынша аккредиттелген спорт федерациясының Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы немесе жүлдесі үшін спорттық іс-шараны еткізуге өтінімін Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігіне спорттық іс-шараны өткізудің орындылығы туралы өз қорытындысын қоса бере отырып, спорттық жарысты өткізу туралы шешім қабылдау үшім жолдайды. 4. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне немесе олардың жүлдесі үшін республикалық спорттық жарыстар өткізу 23. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне немесе жүлдесі үшін республикалық спорттық жарыстар өткізуді уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша аккредиттелген республикалық спорт федерациялары жүзеге асырады. 24. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе коғам қайраткерлерінің құрметіне республикалық спорттық жарыстар белгілі спортшының, жаттықтырушының, спорт немесе коғам қайраткерлерінің қайтыс болған күнінен бастап 5 (бес) жыл өткен соң мұрагерінің (мұрагерлерінің) жазбаша түрде берілген келісімімен өткізіледі. 25. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің жүлдесі үшін республикалық спорттық жарыстар белгілі спортшыларың, жаттықтырушылардың, спорт немесе коғам қайраткерлерінің жазбаша түрде берілген келісімімен өткізіледі. 26. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне немесе жүлдесі үшін республикалық спорттық жарыстар дене шынықтыру және спорт саласына қосқан ауқымды үлесі үшін тағайындалады. 27. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне немесе жүлдесі үшін республикалық спорттық жарыстар өткізу үшін аккредиттелген спорт федерациялары уәкілетті органға спорттық жарыс басталғанға дейін кемінде 2 (екі) ай бұрын мынадай құжаттарды ұсынады: 1) өмірбаян (белгілі спортшылар, жаттықтырушылар, спорт және коғам қайраткерлері үшін); 2) спортшының спорттағы жетістігі, жаттықтырушының, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің дене шынықтыру және спорт саласына қосқан үлесі туралы ақпарат; 3) белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе коғам қайраткерлерінің немесе оның мұрагерінің (мұрагерлерінің) жазбаша келісімі; 4) аккредиттелген спорт федерациясының белгілі спортшының, жаттықтырушының, спорт және қоғам қайраткерлерінің дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға қосқан үлесін растайтын хаты; 5) белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне немесе олардың жүлдесі үшін спорттық жарыстардың ережесі (регламенті). 5. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе коғам қайраткерлерінің құрметіне немесе олардың жүлдесі үшін облыстық спорттық жарыстар өткізу 28. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне немесе жүлдесі үшін облыстық спорттық жарыстар дене шынықтыру және спорт саласына қосқан ауқымды үлесі үшін тағайындалады. 29. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне немесе жүлдесі үшін облыстық спорттық жарыстар белгілі спортшының, жаттықтырушының, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің қайтыс болған күнінен бастап 5 жыл өткен соң мұрагерінің (мұрагерлерінің) жазбаша түрде берілген келісімімен өткізіледі. 30. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің жүлдесі үшін облыстық спорттық жарыстар белгілі спортшыларың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің жазбаша түрде берілген келісімімен өткізіледі. 31. Белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің құрметіне немесе жүлдесі үшін облыстық спорттық жарыстар өткізу үшін аккредиттелген спорт федерациялары жергілікті атқарушы органға спорттық жарыс басталғанға дейін кемінде 2 (екі) ай бұрын мынадай құжаттарды ұсынады: 1) өмірбаян (белгілі спортшылар, жаттықтырушылар, спорт және қоғам қайраткерлері үшін); 2) спортшының спорттағы жетістігі, жаттықтырушының, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің дене шынықтыру және спорт саласына қосқан үлесі туралы ақпарат; 3) белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе қоғам қайраткерлерінің немесе оның мұрагерінің (мұрагерлерінің) жазбаша келісімі; 4) аккредиттелген спорт федерациясының белгілі спортшының, жаттықтырушының, спорт және коғам қайраткерлерінің дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға қосқан үлесін растайтын хаты; 5) белгілі спортшылардың, жаттықтырушылардың, спорт немесе коғам қайраткерлерінің құрметіне немесе олардың жүлдесі үшін спорттық жарыстардың ережесі (регламенті), 6. Оқу-жаттығу жиындарын өткізу 32. Оқу-жаттығу жиындары күнтізбелік жоспарға сәйкес өткізіледі. 33. Күнтізбелік жоспардың негізінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша спорттық іс-шаралардың ағымдағы жылға арналған қаржылық күнтізбесін әзірлейді. 34. Негізгі бағыты спортшыларды жалпы дене шынықтыру, тактикалық және спорттық-техникалық даярлау болып табылатын оқу-жаттығу жиындары спорттық жарыстарға тікелей даярлау жөніндегі жиындардың санатына жатады. 35. Жалпы дене дайындығы бойынша, қалпына келтіру, спортшыларға тексеру (кешенді тереңдетілген медициналық) жүргізу жөніндегі оқу-жаттығу жиындары арнаулы оқу-жаттығу жиындарына жатады. 36. Оқу-жаттығу жиындарын өткізетін дене шынықтыру-спорт ұйымдары: теориялық және практикалық сабақтардың, тәрбие жұмыстарының, спортшыларды даярлаудың дербес жоспарларын, кешенді ғылыми топ жұмысының, медициналық қамтамасыз етудің және кауіпсіздікті сақтау шараларының жоспарын бекітеді; оқу-жаттығу процесін өткізудің сапасын, спортшының техникалық және тактикалық шеберлігін жетілдіруді, тәрбие жұмысын ұйымдастыруды, тәртіпті сақтауды, мүліктің сақталуын қадағалайды; білікті жаттықтырушыларды, дәрігерлерді, массажшыларды, сондай-ақ басқа да қажетті қызмет көрсетуші персоналдарды анықтайды; тамақпен, іссапар шығыстарымен, медико-биологиялық және қалпына келтіру құралдарымен және әдістерімен қамтамасыз етеді; оқу-жаттығу жиындарын тиісті ғимараттарда өткізуді қамтамасыз етеді; қажетті мүкәммалдармен және жабдықтармен қамтамасыз етеді; спортшылардың және оқу-жаттығу жиындарына басқа катысушылардың дербес тізімдерін бекітеді; санитарлық-гигиеналық, өрт қауіпсіздігі, техникалық пайдаланудың ережелері мен нормаларының сақталуын және оқу-жаттығу жиынындағы спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының кұрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) ресми халықаралық спорттық жарыстарға даярлау кезінде спортшының өмірі мен денсаулығын сақтандыруды жүзеге асырады. 37. Спорттық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарын өткізуші дене шынықтыру-спорт ұйымдары спорттық іс-шаралардың қаржылық күнтізбесіне және күнтізбелік жоспарға сәйкес әрбір спорттық іс-шараны жеке өткізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сметаны бекітеді. Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларына қосымша Нысан Спорттық іс-шаралардың бір жылға арналған қаржылық күнтізбесі № р/с Іс-шараның атауы Өткізілу орны мен мерзімі Қатысушылардың саны Төрешілер шығыс-тарының төлемі Жалақыға аудару Тамақтану Дәрі-дәрмек, фармако-логиялық құралдар Спортшылар Жаттық-тырушылар, басқа қатысушылар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Жалғасы Спорттық іс-шараларға қатысу-шыларға жүлделер, медальдар, грамоталар және дипломдар, кеңсе тауарлары Ел ішіндегі жолақы, тәулікақы, тұру шығыстары Елден тыс жердегі жолақы, тәулікақы, визалар, жүкақы, кедендік және басқа шығыстар (Қазақстан Респуб-ликасынан тыс) Спорт ғима-раттарын және мүкәмма-ларды жалға алу Бай-ланыс қызметі Автокөлікті жалға алу Баспаха-налық және өзге де шығыстар (сақтандыру және т.б.) Өкілдік шығыстар (уәкілетті органның шешімі бойынша) Барлық шығыстар теңгемен 10 11 12 13 14 15 16 17 18 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 5 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 9930 болып енгізілді.